Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтауда болған төбелестің арты пышақ жарақатымен аяқталды

AstanaTV
20.02.2024ж. 07:31
530
Ақтауда болған төбелестің арты пышақ жарақатымен аяқталды

Алты ер адамның арасында болған жанжалдың салдарынан олардың екеуі пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Полиция оқиғаның мән-жайын зардап шеккен науқастар туралы ақпарат берген дәрігерлерден білген. Белгілі болғандай, ер адамдар арасында өзара келіспеушілік пайда болған. Олар ортақ бір келісімге келе алмай, жұдырықтасып кеткен, бірінің қолында пышақ болған. Зардап шеккендер қазір ауруханада жатыр, біреуінің жағдайы ауыр.

Полиция аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Бүгінде барлық күдіктілер анықталған. Олардың екеуі көрші облысқа кетіп қалуды жоспарлағанымен, көп ұзамай ұсталған. Күдіктілердің бірі бұған дейін учаскелік полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны белгілі болды, бірақ ісі сотқа жетпеген. Ол деструктивті діни ағым ұстанушысы екені де анықталды.