Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

84 жыл бұрын капитанмен қоса жұмбақ жағдайда жоғалған кеме табылды

AstanaTV
20.02.2024ж. 09:00
920
84 жыл бұрын капитанмен қоса жұмбақ жағдайда жоғалған кеме табылды

АҚШ-тың Мичиган штатында 84 жыл бұрынғы апаттан кейін капитанымен қоса жұмбақ жағдайда жоғалған Arlington кемесі табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Басылымның деректеріне сүйенсек, кеме Куино Пенинсула түбегінің солтүстігіндегі Superior көлінің түбінен табылған. Оны Great Lakes апатқа ұшыраған кемелер тарихи қоғамдастығының мамандары анықтаған. Кеме 650 фут (шамамен 200 метр) тереңдікте болған.

Сарапшылар әлі күнге дейін кемемен бірге батып кету туралы шешім қабылдаған капитан Фредерик Берктің әрекетіне күмән келтіреді. Сол түні дауыл басталғанда Берктің көмекшісі қорғану үшін кеме бағытын Канаданың солтүстік жағалауына өзгертуді ұсынды. Алайда капитан бой бермеген. Салдарынан көп ұзамай кеменің іші суға толып, бата бастаған.

Arlington экипажының мүшелері бірінен кейін бірі суға секіріп, жақын маңдағы Collingwood кемесіне жеткен екен. Жалғыз қалған капитан кемемен батып бара жатып, олармен "қоштасқандай" қол бұлғағаны белгілі.