Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елімізде былтыр 36 тонна есірткі тәркіленген

AstanaTV
20.02.2024ж. 13:58
436
Елімізде былтыр 36 тонна есірткі тәркіленген

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi бастығының м.а. полиция полковнигі Бақытжан Әмірханов айтты.

Бақытжан Әмірханов елімізде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы мәлімдеді.

Бұл жоспар барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіретін алғашқы бағдарламалық құжат. Барлық өңірде есірткіге қарсы күрес айлық шеңберінде профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Өткен жылы тек бір айда 1800 түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп 700-ден астам іс-шара өткізілді, оның ішінде нарколог-дәрігерлердің қатысуымен - 402, еріктілердің қатысуымен – 265 шара ұйымдастырылды. Құқық қорғау органдарымен бірге түрлі шаралар атқаралып жатыр. Былтырдың өзінде 2746 қылмыс тіркелді. 36 тонна есірткі тәркіленді, - деді спикер.

Сондай-ақ, есірткіге қарсы күрес шарасы аясында көшелерде 200-ге жуық баннер орнатылған. Биыл қаңтарда 500-ден астам алдын алу шарасы өткізілген.