Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Алматыда өртеніп жатқан үйден 17 адам құтқарылды

AstanaTV
20.02.2024ж. 13:19
484
Алматыда өртеніп жатқан үйден 17 адам құтқарылды

Алматыда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 17 адамды құтқарды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 ақпан түнгі сағат 01.53-те Бостандық ауданы, Өтепов көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Баспалдақтарда қатты түтін пайда болып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп туындады. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғын үй кешенінің тұрғындарын эвакуациялау және құтқару бойынша жұмыстар жүргізді.

«Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен 2 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады. Сағат 02:39-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 35 адам, 11 техника және қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.