$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Мектептерде діни рәсімдер жасалмауы тиіс",-министр

"Мектептерде діни рәсімдер жасалмауы тиіс",-министр

Әлеуметтік желіде намаз оқыған оқушылардың видеосына қатысты тексеру басталды. Сәждеге бас қойған балалардың қай мектептікі кім екені анықталып жатыр. Қоғамда қызу талқыға түскен мәселеге Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді. 

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ,  ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Мектептерде діни рәсімдер жасалмауы тиіс. Бұл әр мектептің ішкі тәртібімен белгіленген және министрліктің бұйрығымен реттеледі. Біз бұл жағдайды зерттеп жатырмыз. Әзірге қай өңірде, қай мектепте болғаны белгісіз. Мән-жайларды анықтау үшін белгілі бір шаралар қабылданады. Біз дәл қай жерде болғанын нықтылаймыз деп ойлаймын. Бейнежазбада №90 мектеп екені жазылған. Алайда білім басқармалары мекеме оған ұқсамайтынын айтып жатыр. Сондықтан толық мән-жайдың анықталуын күту керек.