$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде 6 триллион теңгеге тарта активтер жарияланды

AstanaTV
10.01.2017ж. 20:00
2594
Елімізде 6 триллион теңгеге тарта активтер жарияланды

Елімізде 140 мыңнан астам азамат жария ету акциясы барысында құны 5,7 триллион теңгенің активтерін заңдастырған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның ішінде ақшалай 4,1 триллион теңге және мүлік 1,6 триллион теңгені құрады. Жылжымайтын мүліктің 151 мыңға жуық нысаны, сондай-ақ заңды тұлғалардың 213 үлесі жария етілді. Акцияға белсенді қатысқан аймақтар ішінде Алматы қаласы 3 триллион 981 миллиард теңгемен көш бастап тұр. 533 миллиард теңгені жария еткен Астана екінші орында. 390 миллиард теңгені заңдастырған Алматы облысы үштікті түйіндеп тұр. Жалпы ақшаны жария ету үшін 11 821 есеп шот ашылған.

Шетелдік активтер де назардан тыс қалған жоқ. 2015 жылдан бері өзге елдердегі 700 миллиард доллар ақша заңдастырылды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Мүлік 32 елде тіркелген. Оның ең көбірек тіркелген нысандар Ресейде, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Еуропа елдері. АҚШ-та, Тайландта бар. Ең ірі сомаларды айтсақ, бұл Ұлыбритания болады - 18 нысан  52 млрд теңгеге жария етілді.