Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаттары аймақтардағы еңбек адамдарымен кездесті

AstanaTV
10.01.2017ж. 20:00
2877
Мәжіліс депутаттары аймақтардағы еңбек адамдарымен кездесті

Нарық сұранысына сай болу үшін "Еңбекпен қамту-2020" бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет. Өйткені өндіріс орындары техникалық мамандарға мұқтаж. Орал қаласында «Квант» жиһаз фабрикасы ұжымымен кездескен Мәжіліс депутаттарының бірі Гүлжан Қарағұсова осылай деді. Оның сөзінше, өндірісті қаржылай қолдаумен қатар, қажетті мамандармен де қамту керек. Сонда ғана сұраныс жоқ, қажетсіз мамандықтар өздігінен жойылады, әрі оларды дайындауға кетер шығын да қысқарады.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Еңбекпен қамту бағдарламасы тек қана массажист, шаштараз, аспаз бен даяшыларды ғана дайындайды. Олар керек шығар, бірақ аспаз бен даяшыға көп мұқтаждық жоқ қой. Ал мынау - өндіріс, мына жерде тігінші, сантехник керек. Мүмкін, мына бағдарламаны адамдарға қолайлы етіп тағы қосымша етіп істеу керек?

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының көмегімен іске қосылған жиһаз кәсіпорны 14 мыңнан астам өнім жасап шығарған. Онда мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Тағы бір топ Мәжіліс депутаттары Алматы облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысымен танысты. Талдықорғанда аккумулятор батареяларының 73 түрін шығаратын зауыттың даму мүмкіндіктеріне көз жүгіртті. Былтыр мұнда 2 млн дана аккумуялтор шығарылып, Қытай нарығына жөнелтілген. Ал биыл зауыт кірістен түскен қаржыға жаңа жабдықтар алуды жоспарлап отыр.

Халық қалаулылары Көксу қант зауытында да болды. Айта кетейік, былтыр кәсіпорын шаруалар өсірген қызылшаны уақытылы қабылдап үлгермей қалған еді. Жүк көліктерінің тәуліктеп тұрып қалғанынан құлағдар депутаттар жабдықтарды жаңартуды ұсынды.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:


Мына зауыттың өзі 1932 жылы салынған зауыт. Толық модернизациядан өтпеген. Бар болғаны, қазір енді иелерінің айтысына қарағанда, 1,5 млн доллар жұмсап, модернизация жартылай жасаған. Бірақ оның өзі мына келген өнімді толыққанды уақытысымен, сапалы, және тиянақты шығынсыз өндіретін мүмкіндік әлі де туғызылмай жатыр.