Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ресейде адыраспанды пайдалануға тыйым салынды

Ресейде адыраспанды пайдалануға тыйым салынды

Адыраспанның құрамында есірткі заты бар. Сондықтан оны үйде сақтауға, өсіруге тыйым салынды. Ресейліктер осындай шешім қабылдады. Қазақ қасиет тұтатын шөпті бұл тізімге енгізуін құрамындағы психотропты алкалоидпен түсіндірген. Оның тұқымын заңсыз таратқан және тасымалдағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Орал қаласының тұрғыны Тілектес Байқадам адыраспанның емдік қасиетін бала күнінен біледі. Әжесі бұл шөпті тіл-көздің сұғынан сақтап, бәле-жаладан қорғайтын киелі өсімдік ретінде қастерлеген. Зейнеткер қазір әжесінен үйренгенін өз шаңырағында қолданып, адыраспанды жиі түтетеді. Дайын шөпті кейде базардан, кейде оңтүстік өңірден арнайы теріп әкеледі.

Тілектес БАЙҚАДАМ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Сыртқы емдерге пайдалануға болады. Ауырған жерлерді, бұның ең бір емдік қасиеті бар. Бұл емдік қасиеті жоғарғы давлениені түсіреді. Басты жуыады мынаумен. Суға салып қайнатып, сонымен басын жуады. Сонда бастың давлениесін алады дейді.

Қазақтар көшпелі ғұмыр кешкен кезде медицина қазіргідей дамыған жоқ. Сондықтан тас пен тамырдың тілін білген ата-бабаларымыз бұл шөпті микробтан тазартатын залалсыздандыру құралы ретінде пайдаланған. Ал қазір жұрт қаншалықты қолданады?

БЛИЦ-САУЛНАМА:

- Пайдаланамыз анда-санда, үйді тазалаймыз.
- Жоқ үйде арасында ғана. +Көп пайдаланбаймын.
- Бұрын пайдаланғанмын. Қазір пайдаланбаймын.
- Жиі пайдаланамыз, өзімнің 6 бала-шағам бар. Біреуі ауырса, екіншісіне жұқпасын деген сияқты, үйдің іші тазарып тұрсын деп.

Адыраспан психотропты өсімдік болғандықтан, оны шамадан тыс көп қолдану адамның денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізеді, дейді мамандар. Сондай-ақ бұл - улы өсімдікті мал жемейтін көрінеді.

Айнұр СЕЙІЛХАН, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚазҰПУ ПОСТДОКТОРЫ, PHD:

Улылығы көбінесе дәні мен сабағында. Тамыры күрделі болып өседі және бұл алколоитты улы өсімдік болып саналады. Енді айта кететін жағдай қазіргі таңда көптеген елдерде адыраспанды өзімен бірге алу, шекара асу кезінде өзімен алып жүруге тыйым салынып жатыр.

Адыраспанды пайдалануға Ресей ғана емес сонымен бірге Белорусь елі де тыйым салған. Сондықтан көршілес мемлекеттерге сапарға шығып, ондағы "тұрғын жайымды дизенфекциялап, аластап аламын" деп қауіп-қатерге ілініп қалмаңыз" деп кеңес береді, эколог мамандар.