Алматыда екі аптаға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 42 жастағы Давид Лебанидзені іздеу жұмыстары аяқталды. Бостандық ауданында хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Astana TV Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
LIDER.KZ еріктілер қозғалысының мәліметінше, 1984 жылы туған қала тұрғыны 2026 жылғы 9 қазан күні кешке Балбөбек көшесіндегі үйінен шығып, сол күйі жақындарымен байланысқа шықпаған.
Ер адамды іздеуге еріктілер де жұмылдырылды. Олар жоғалған азаматтың белгілері көрсетілген хабарландыруларды таратып, тұрғындардан көмек сұрады.
Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары қайғылы жағдаймен аяқталды. Еріктілердің 25 қазанда хабарлауынша, ер адамның мәйіті 16 қазанда табылған.