$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тайландпен шекаралас аумақта 200-ге жуық қазақстандық құлдықта болған

21.02.2024ж. 20:00
497
Тайландпен шекаралас аумақта 200-ге жуық қазақстандық құлдықта болған

Таиландта құлдықта болған қазақстандық екі қыз құтқарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Олар интернетте жоғары айлық ұсынғандарға алданып, Тай еліне жұмысқа барған. Бірақ тірлік ұсынғандар оларды қамап, босату үшін әрқайсысынан 10 мың доллар талап еткен. Бір ай дегенде екеуі құтқарылды. Қазір Қазақстанға ұшып келе жатыр. Олардың жоғары білімі бар, бірнеше тілді жетік меңгерген. Соңғы 2 жылда Тайландпен шекаралас аумақта 200-ге жуық жерлесіміз құлдықта болған. Елшіліктің көмегімен 28 адам елге оралды. Тағы 60 тұрғын өздері қайтты. Мьянма мен Лаоста әлі қайтпаған 100 отандасымыз бар.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Интернеттен жоғары айлықты көреді. Соған сеніп қалады. Барып бізге ештеңе болмайды, біз тез ораламыз, ақша табамыз деп ойлап барып қайтады.