$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Елімізде коммуналдық қызмет ақысы неге екі есе өсті?

22.02.2024ж. 20:00
625
Елімізде коммуналдық қызмет ақысы неге екі есе өсті?

Елімізде қаңтар айынан бастап коммуналдық төлемдер тарифі екі есе өсті. Ал Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық төлемдер 20 процентке ғана артты деп отыр. Вице-министр Тимур Жақсылықовтың айтуынша, 20-25 процент- ортақ экономикалық көрсеткіш. Су, жылу, жарық екі есе өссе, кейбір коммуналдық қызметтер қатты қымбаттамаған. Бағаның көтерілу себебін министр коммуналдық қызмет саласындағы құбырлардың, желілердің тозуымен байланыстырады.

Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Коммуналдық қызметтер саласы қаржыландырылмаған. Бұл өздеріңіз білетіндей былтыр үлкен апатқа алып келді. Осы себептен осы салаға үлкен инвестиция салынды. Былтыр 300 млрд теңге салынды. Мың километрден астам желілер жаңартылды. Осы саладағы желілердің тозуын болдырмау үшін тариф көтерілді. Тарифтерді қойғанда біз шектен асырмай, инфляцияға әсер етпеуін Ұлттық банкпен кеңесіп қойып отырамыз.