$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Президент газ саласын кешенді түрде дамытуды тапсырды

22.02.2024ж. 20:00
558
Президент газ саласын кешенді түрде дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» Ұлттық Компаниясы Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Санжар Жаркешовтің айтуынша, «QazaqGaz» компаниялар тобы өңірлерді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі газ құбырларын тартып, іске қосқан. Олардың құны 400 миллиард теңгеден асады. 11 өңірде 112 елдімекен газдандырылған. Мемлекет басшысы газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Санжар ЖАРКЕШОВ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Ұлттық компания жаңа ANABAI газ кен орнын іске қосты. Және де «QazaqGaz» ҰК-ның ресурстық базаны арттыруға бағытталған шараларының нәтижесі бойынша ішкі нарыққа 19%-ға көбірек газ берілді. Күзгі, қысқы жылыту кезеңінің уақытында газ тасымалдау қорына аса үлкен жүктеме түсті. Алайда, «QazaqGaz» ҰК барлық тұтынушыларды Қазақстан бойынша үздіксіз газбен қамтамасыз етті.