$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында бірқатар ветеринар дәрігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

AstanaTV
23.02.2024ж. 00:51
833
Қостанай облысында бірқатар ветеринар дәрігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қостанай облысында бірқатар ветеринар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алтынсарин ауданының прокуратурасы ауданның Ветеринариялық станциясының қызметін тексеру барысында ветеринария саласындағы заңнаманың бұзушылықтарын анықтады.

Анықталғандай, Красный Кордон ауылы, Новоалексеев, Свердлов, Большечураков, Обаған, Димитров және М.Хакимжанова атындағы ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлерімен аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық шаралар өткізілмеген.

"Анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мекен-жайына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау нәтижесінде аталған елді мекендердің ветеринариялық дәрігерлері жалпы соммасы 369 200 тенгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген Алтынсарин ауданының прокуратурасының хабарламасында.

Прокуратураның араласуынан кейін ветеринариялық дәрігерлер үй малдарының арасында аурудың алдын алу бойынша қажетті шараларды жүргізіліп жатыр.