Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Футболшы Дани Алвес 4,5 жылға сотталды

AstanaTV
23.02.2024ж. 08:08
339
Футболшы Дани Алвес 4,5 жылға сотталды

 Бір жыл бұрын ол жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікк ілінген. Кейін футбол клубы ортадағы келісімшартты бұзып, ал әйелі ажырасуға арыз берген. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап KAZINFORM хабарлады.

Испания соты «Барселона» командасының және Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті 2022 жылы Барселонадағы түнгі клубта әйелге жыныстық зорлық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Атақты бразилиялық футболшысы төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Каталония Жоғарғы сотының шешімі бойынша, Алвес жәбірленушіге 150 мың еуро төлеуі тиіс.

Дани бостандыққа шыққаннан кейін де 5 жыл шартты жазасын өтейді.

Сот жәбірленушінің жыныстық қатынасқа келісім бермегені дәлелденгенін, зорлау жағдайын растайтын басқа да дәлелдер бар екенін айтты.

Алвес бастапқыда бұл айыптауды жоққа шығарды, бірақ кейін мұның бәрі келісіммен жасалғанын мәлімдеді.

Адвокат оны ақтауды, прокурор ойыншыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алвес әлі де үкімге шағымдана алады.

Тарихтағы ең көп марапатталған футболшылардың бірі Алвес 2023 жылдың қаңтарында 23 жастағы әйелдің өтініші бойынша тұтқындалып, содан бері түрмеде отыр.

Әйел футболшыны 2022 жылы 30 желтоқсанда Барселонадағы Sutton клубының VIP аймағында тиіскенін айтқан, деп жазды El Periódico de Catalunya газеті.

Әйелдің айтуынша, Альвес оны жуынатын бөлмеге күштеп кіргізіп, зорлықпен жыныстық қатынасқа түсіріп, ұрып-соғып, зорлаған.

Қылмыстық тергеу басталған соң футболшының әйелі Джоана Санс ажырасуға арыз беріп, жәбірленушінің айғақтарына сенетінін мәлімдеді.

Дани Алвес соңғы онжылдықтардағы ең танымал бразилиялық футболшылардың бірі болды. Ол өзінің мансабының көп бөлігін – тоғыз маусымды Барселонада өткізді. Алвес Еуропада «Севилья» (2003-2008), «Ювентус» (2016-2017) және ПСЖ (2017-2019) командаларында да ойнаған. Карьерасының соңғы бөлігінде ол Бразилияның «Сан-Паулу» командасында ойнады (2019-2021), 2022 жылы мексикалық «UNAM Pumas» клубының мүшесі болды, бірақ ойыншы қамауға алынғаннан кейін бұл клуб келісімшартты бұзды.

Алвес өзінің мансабында әртүрлі клубтармен барлығы 46 жүлде жеңіп алды және әлемдегі ең көп марапатталған ойыншы болып саналады. Ол 2008-2016 жылдар аралығында Барселонада алты рет Ла Лига, үш рет Чемпиондар Лигасы және төрт рет Испания Кубогы чемпионы атанды.