Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстанда Ұлттық Ғылым академиясы жанынан жас ғалымдар кеңесі құрылды

23.02.2024ж. 20:00
384
Қазақстанда Ұлттық Ғылым академиясы жанынан жас ғалымдар кеңесі құрылды

Қазақстанда Ұлттық Ғылым академиясы жанынан жас ғалымдар кеңесі құрылды. Оның құрамына еліміздің ғалымдары, Ұлттық Құрылтай мен ел Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері және жас ғалымдар бірлестіктерінің төрағалары кірді.

Жаңа кеңес мүшелері бүгін Алматыда алғашқы кездесуін өткізді. Ғалымдардың мүдделерін қорғау мен оларды қазақстандық ғылымды басқаруға ынталандыру жөніндегі міндеттерді талқылады. Сондай-ақ ғылыми экожүйені дамыту, жас ғалымдардың рөлін арттыру және оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы идеялармен бөлісті. Бүгінде Қазақстанда жиырма екі мыңға жуық ғалым бар.

Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде 4 бағытта жұмыс жүргізіледі деп анықталды. Ол мына Ұлттық Академияның негізгі жұмысына сай келеді. Сондықтан жастар кеңесі жас ғалымдарды қолдауда, оларға көмек көрсетуде үлкен жұмыс атқарады деген біздің үмітіміз бар. Аудан орталығында, облыс орталықтарында, басқа қалаларда да осы кеңестің филиалдары ашылайын деп жатыр.