Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы «Атырау агро өнімдері» ұжымымен кездесті

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1777
«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы «Атырау агро өнімдері» ұжымымен кездесті

«Ауыл-аймақтарда кәсіпкерлікті дамытып, отандық өнім өндірушілерді қолдау». Осындай ұранды басшылыққа алған «Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы «Атырау агро өнімдері» ұжымымен кездесті. Қой-ешкі бағумен айналысатын қожалықтың табысы уақыт өткен сайын артып келеді. Әсіресе, заманауи технология негізінде дайындалған ешкі сүтіне сұраныс жоғары. Жергілікті тұрғындар осы кәсіпорында жұмыс тауып, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып келеді. Іргелі шаруашылықтың бүгінгі тыныс тіршілігімен танысқан «Бірлік» партиясының өкілдері еңбеккерлерге өз сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Шағын-орта бизнесті дамытуға басымдық беру Елбасы қолға алған саясат екенін айтты. Оның бүгінде жеміс беріп жатқандығын тілге тиек етті. 

 Төлеген Қуанышев, «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер:   Енді осы экологиялық таза өнімдер болатын болса, онда біздің 30 елдің қатарына кіретінімізге ешқандай күмән жоқ. Бүгінгі біздер аралап көрген қожалық өнімдерінің дәл сол талаптарға сай екендігіне көзіміз жетті.   


Базаргүл ОТЫНШИЕВА