Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

ЖСДП Жетісу өңірінің сайлаушыларымен кездесті

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1639
ЖСДП Жетісу өңірінің сайлаушыларымен кездесті

Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы Талдықорғанға келіп жетті. Республикалық сайлауалды штаб белсенділері мұнда алдымен сайлауышлармен кездесіп, бағдарлама барысымен таныстырды. Жалпы Жетісу өңірі елдегі ауылшаруашылық саласы мейлінше дамыған аймақтың бірі. Егін егіп, мал басын көбейтіп отырғандар көп. Сондықтан ЖСДП мүшелері мұндағы еңбек ұжымының да уәжін тыңдап, сауалдарына жауап беріп жатты. Жалпы бұл партия атынан 23 үміткер ұсынылып отыр. Кандидаттардың дені түрлі қоғамдық ұйымның мүшелері. Әрине, арасында аграрлық сектордың басы-қасында жүргендері де бар. Сондықтан тұғырнамада басты бағыттың бірі ретінде әлеуметтік және аграрлық мәселелер қарастырылған. ЖСДП өкілдері Алматы облысының барлық аудандарын аралап, үгіт-насихат шарасының қатарын көбейтуге ниетті. Сондай-ақ, жас сайлаушылармен де бірнеше маңызды кездесу өтуі тиіс. Мәселен, кәсіптік білім беру орындарында болып, кадр даярлығын барлап шықпақ. «Социал-демократ» газетінің арнайы қосымшасы да шығарылып жатыр. Онда партия бағдарламасының толық нұсқасымен танысып шығуға болады.  

Рахым Айыпұлы, ЖСДП саяси кеңесінің мүшесі:                           

Диханда егетін жер болу керек. Малшыда өріс, қоныс болу керек. Ол кейбір адамдардың бауырына мәңгілік басып жататын, оны құлазытып тастайтын мекен болмауы керек. Біз осы мәселе жөнінде күресеміз.

Серік Мұқатаев, ЖСДП Алматы облыстық филиалының төрағасы:              

Сол маңайда тұратын жаңағы шаруа қожалықтарының, жақсы шаруа қожалықтарының басшыларымен кездестіріп, соларменен солардың аттарынан оқытып, солар қайтадан сол шаруашылыққа жұмыс істейтіндей жағдай жасауды ойластырып жатырмыз. Сол туралы көбірек айтсақ дейміз.

Құралай ПИОНЕР