$494.87 €520.65 ₽4.91
×

“Тепкілеп, қораға шығарған”: 21 жастағы келіншектің мәйіті табылды

AstanaTV
24.02.2024ж. 09:49
1238
“Тепкілеп, қораға шығарған”: 21 жастағы келіншектің мәйіті табылды

Өзбекстанда 21 жастағы келіншек өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zamon.uz сайтына сілтеме жасап.

Келіншектің өліміне қызығушылық танытқан жергілікті блогер іске араласқан. Оның хабарлауынша, алғашында отбасындағылар "әйел өзіне қол жұмсады" деген. Бірақ сот сараптамасы келіншекті басқа адамның өлтіргенін анықтады. Нәтижесінде күйеуі айыпты деп танылды.

Бірақ келіншектің туыстары өлімге басқа да адамдардың қатысы бар деп есептейді.

"Қызымның мәйіті үшін де ақша араласып жатыр. Қызымды олар ұрып, қораға шығарып жіберген. Біз барғанда олар қызымды "асылып қалды" деді. Бірақ оның денесіндегі жарақаттар қатты соққыдан болған",- дейді марқұмның анасы.