Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Мобильді операторлар уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сервисте ақау туындауы мүмкін екенін ескертті

AstanaTV
25.02.2024ж. 09:13
357
Мобильді операторлар уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сервисте ақау туындауы мүмкін екенін ескертті

1 наурыздан бастап еліміз бірыңғай сағат белдеуіне көшеді. Ұялы байланыс операторлары электрон гаджеттерде бұл автоматты түрде өзгеретінін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан тұрғындарына кей ұялы сервис операторларының жұмысында ақау болуы мүмкін екені ескертілді. 

“Мобильдік операторлар “жаңа сағат белдеуіне ауысуға байланысты техникалық жұмыстар салдарынан шектеу болмау үшін” тарифтер төлемін алдын ала тексеруге кеңес береді.