Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ұшақта ішімдікке тыйым салынуы мүмкін

AstanaTV
25.02.2024ж. 20:00
401
Ұшақта ішімдікке тыйым салынуы мүмкін

Ryanair лайнеріндегі қырғын төбелестен кейін бірқатар жолаушы ұшақ бортында алкогольге тыйым салуды талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Dailymail хабарлағандай, Тенерифе-Эдинбург бағытындағы Ryanair рейсінде мас жолаушылар арасында төбелес болған. Жолаушылар жанжалды видеоға түсіріп алған. Салдарынан видеоны көргендер ұшақтарда алкогольге тыйым салуды талап етіп жатыр.

Жолаушылардың сөзінше, Испания аралына ұшып бара жатқанда екі адам дәлізде араздасып қалған. Кейін олардың жанжалы төбелеске ұласқан. Қалған жолаушылар жағымсыз көріністі сағаттап бақылап отыруға мәжбүр болған.

Видеоны түсірген Ханна Макдональд есімді жолаушы төбелескендердің екеуі ағайындылар, тағы біреуі олардың сүйіктісі екенін айтты. Олар ұшаққа мінгеннен ішімдік ішкені анықталды.