$473.15 €515.12 ₽5.4
×

Антарктидада 34 млн жылдық тарихы бар "елес" өзен табылды

AstanaTV
25.02.2024ж. 19:06
541
Антарктидада 34 млн жылдық тарихы бар "елес" өзен табылды

Антарктиданың шығыс бөлігіндегі мұз қабатының астынан 34 миллион жыл бұрын пайда болған ежелгі өзен ландшафтының фрагменттері табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Live Science сайтына сілтеме жасап.

Ғылыми жаңалықты Ұлыбританиядағы Дарем университетінің ғалымдары ашты. Зерттеушілер бірегей жер бедерін "елес" деп атады. Елес өзен екі шақырымға жететін мұз жамылғысының астында жасырылған екен. Ол тау жоталары мен өзен аңғарларынан тұратын көрінеді.

Ғалымдардың болжамынша, аталмыш ландшафт Антарктида Гондвана суперконтинентінің құрамында болған кезінде қалыптасқан. Годвана ыдырағаннан кейін Антарктида үшке бөлінді. Олардың әрқайсысының арасында терең шұңғымалар орналасқан.

Климат бірден қатты салқындап кеткен кезде таулардың басында қар жамылғылары пайда болды. Ал еріген сулар мұхитқа қарай ағып өзен арналары пайда болды. Міне, қаншама жылды артқа тастап, олар мұз қабатының астынан табылды.

Мамандар ландшафттың нақты жасын анықтау мақсатында шөгінді жыныстар мен тастарға талдау жасауды жоспарлап отыр.

Сарапшылардың айтуынша, бұл Антарктидадағы ежелгі геологиялық және климаттық процестерді түсінуге көмектеседі.