«ЭСКПО-2017»
халықаралық көрмесіне Қызылжардан 100 ерікті қатыспақ. Қазір өңірде айтулы
шараға дайындық қызу жүріп жатыр.
Бүгін «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенттеріне ЭКСПО туралы дәріс
берді. Кездесуде халықаралық көрмелердің ежелгі заманнан бері өткізіліп
жатқандығы туралы айтылды. Алғашқы көрме 626-шы жылы ұйымдастырылған екен. Осы
сынды шараларда әр ел өзінің жеткен жетістігін әлемнің түкпір-түкпірінен
жиылған көрермендерге паш етеді. Мәселен, жержаһанға әйгілі Париждегі Эйфель
мұнарасы жәрмеңке алаңы ретінде салынған болатын. Студенттер, осындай ірі
көрменің Қазақстанда өткізілуін үлкен мәртебе деп біледі.
Мұрат
Мырзажан, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:
Осы
Қазақстанға 5 миллиондай турист келеді деп естідік. Біз үшін бұл үлкен
жетістік. Туристтер Астанаға ғана емес, біздің Солтүстік Қазақстан облысына да
келеді. Сондықтан аэропорт та салынып жатыр.
Барлығы
Солтүстік Қазақстан облысынан ЭКСПО-2017 көрмесіне 130 мыңға жуық адам
қатыспақ. Бұдан бөлек, 100 ерікті шараның басынан аяғына дейін қонақтарға
қызмет көрсетеді. Көрме аяқталған соң, еріктілердің барлығына халықаралық
сертификат берілмек.
Дарина
Башенова, «ЭКСПО мен Универсиада - 2017 еріктілері» штабының ерікті
үйлестірушісі, "Жас Отан" ЖҚ мүшесі:
2015
жылдан бастап біз ЭКСПО-2017 көрмесіне адамдарды дайындап жатырмыз. 130 мың
адамның қатарында жүзі еріктілер. Еріктілер 3 этаптық іріктеуден өткен
болатын. Ағылшын, қазақ тілі және психолог мамандарымен сөйлескен болатын.
Қазіргі кезде көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Олар көптеген тренингтерден
өтті.