Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Бастауыш партия ұйымы төрағаларының бірінші өңірлік форумы өтті

26.02.2024ж. 20:00
343
Бастауыш партия ұйымы төрағаларының бірінші өңірлік форумы өтті

Бастауыш партия ұйымы төрағаларының бірінші өңірлік форумы өтті. Өскемендегі басқосуға 150-ден астам адам қатысты. Олар тұрғындардың мәселесін шешудегі тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымның жұмысын жандыру жолдарын талқылады. Форумда партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Оларға төсбелгі мен партия билеті табысталды. Жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған партия ұйымдарының төрағалары алғыс хаттармен марапатталды.

Галина ГОНЧАРОВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ АЛТАЙ АУДАНДЫҚ №3 БП ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Ең бастысы, бізде депутатпен тікелей байланысу мүмкіндігі бар. Ал билік бізді тыңдайды. Өйткені біз бастауыш партия ұйымымыз. Мәселелер сөз күйінде қалып жатқан жоқ, шешімін табуда. Билік пен халық арасын байланыстырып отырмыз.