Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

26.02.2024ж. 20:00
414
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты өркендету мәселесі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады.