Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Атырауда жарқанат табылған балабақшада ата-аналар шуынан соң дизенфекция жасалды

26.02.2024ж. 20:00
246
Атырауда жарқанат табылған балабақшада ата-аналар шуынан соң  дизенфекция жасалды

Атырауда жарқанат табылған балабақша ата-аналар шуынан соң дизенфекцияланды. Жыртқышты қаладағы №48 «Родничок» бақшасында балалар тобынан бір емес, бірнеше рет көргенін айтқан.

Басшылыққа ескерткенімізбен, ешқандай нәтиже жоқ,- дейді әлеуметтік желідегі жазбада наразы ата-аналар. Мектепке дейінгі мекеме басшысы балалар ғимаратында жарқанат барын жоққа шығарған жоқ. Айтуынша, ғимарат ескі. 40 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу көрмеген. Десе де үнемі тек залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз,- дейді.

Лира ДОСАЛИЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Ата-аналар шағымын аяқтай айтып келгесін қалалық білім бөліміне де хат жазылды. Сенбі, жексенбі күні мемлекеттік сатып алу бойынша «ТОО Acad Company» ұтып алды. Сол мекеменің қызметкерлері келіп, сенбі-жексенбі күні дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Яғни, маңағы подвалдан бастап, барлық бөлмелердің ішін улады. Дезинфекция жұмысын күшейтеміз.