Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Абай облысындағы өрт шыққан жер үйден ер адам өлі табылды

AstanaTV
27.02.2024ж. 01:07
455
Абай облысындағы өрт шыққан жер үйден ер адам өлі табылды

Абай облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында 26 ақпанда таңғы сағат 08:00 шамасында жеке үйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Abai News.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйде шатырдың ағаш конструкциялары, қабырғалары, сондай-ақ терезе-есік ойықтары мен ағаш шаруашылық құрылыстары жанып жатқанын анықтады. 

"Өрт 10:56-да анықталып, 12:02-де толығымен сөндірілді. Өртті оқшаулау кезінде тұрғын үйден мәйіт табылды. Өрттің алдын ала аумағы - 100 шаршы метр. Оның себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.