Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістан облысында балабақшадағы бүлдіршінді ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды

AstanaTV
26.02.2024ж. 23:53
466
Түркістан облысында балабақшадағы бүлдіршінді ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды

Сәбидің ата-анасы жазған арыз негізінде полицейлер қылмыстық іс қозғады.

Оқиға Түркістан қаласында болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта бүлдіршінді аспаздың жұлқа тартып, ұрғаны айтылады.

Ал, аталған мәселе бойынша ресми пікір білдірген Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі сәбиге қол көтерген аспаз емес, тәрбиеші екендігін мәлімдеді. 

«Оқиға Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшаның бірінде болған. Аталған жағдай бойынша құзырлы органдар айналысуда. Қазіргі таңда тәрбиешінің көмекшісі өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды», - делінген ведомство ақпаратында. 

Тәртіп сақшылары сәбидің ата-анасы жазған арыз негізінде қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Яғни, «баланы ұру» дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. 

«Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мәнжай анықталуда», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.