Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Беташарға 2 млн теңге салуға мәжбүрлеген

AstanaTV
27.02.2024ж. 16:12
3573
Беташарға 2 млн теңге салуға мәжбүрлеген

Қазір қазақ қоғамында, әсіресе блогерлердің ортасында беташарға млн-дап ақша тастайтын тренд қалыптасып келеді. Тіпті тамада сымақ жастар қалыңдықтың бетін ашуды шығарғаны аздай, енді енді ортаға сандық қойып қойып, ақша жинауды әдетке айналдырған.

Мәселен, өткен аптада Тараздағы өткен блогер Марғұлан Әденнің тойы соған дәлел. Беташар жасаған шоумендер Қабдол мен Жандос ақша салғандарды барынша қинап жатты. Әрине, блогерлердің дені аз ақша салған жоқ. Бірақ күйеу жолдастың берген 1 млн теңгесін азсынып, тағы 2 млн теңге салуға мәжбүрледі.

Бәлкім, бұл қалжын-шыны аралас тренд шығар. Блогерлердің ақшасы да баршылық. Бірақ желі қоданушылардың дені бұны «тым астамшылық» деп ашулы.