Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әлем шоколадсыз қалуы мүмкін

AstanaTV
27.02.2024ж. 17:00
330
Әлем шоколадсыз қалуы мүмкін

Биыл жаһандық инфляция төмендеуі мүмкін. Былтыр көрсеткіш 6,8 процент. Ал биыл меже 5,8 процентке дейін кемуі тиіс. Бірақ мамандар ахуалдың оңалуына кері әсер ететін қауіп-қатердің барын жасырмайды. Бұл әлемдегі геосаяси ахуалмен байланысты. Өйткені мұның бәрі тауар тасымалын қиындатады. Осының кесірінен логистикалық шығындар артып, баға өсетіні анық. Иә, инфляцияның салдарынан қазір көп елде азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Әлемдік сарапшылар биыл әсіресе шай мен шоколад бағасы күрт қымбаттайды, дейді. Бұл туралы 24.КZ. хабарлайды. 

«Дүниежүзі 2040 жылы шоколадсыз қалуы мүмкін», - дейді әлемдік сарапшылар.

Оған басты себеп климаттың өзгеруі. Шоколад пен климаттың қандай байланысы бар? Какао өндірісіне не әсер етеді? Жаһандық жылынудың әсерінен 2030 жылға қарай какао ағашын өсіру тиімсіз болады.

Қазірдің өзінде кей африкалық және индонезиялық фермерлер какао бұршақтарын өсіруден бас тартып жатыр.

Халықаралық какао ұйымының мәліметінше, кейінгі 40 жылда шоколад ағаштарын өсіруге жарамды аумақтардың ауданы 40%-ке азайды. Тағы 40 жылдан кейін Гана мен Кот-д’Ивуардағы орташа температура 2 градусқа көтеріліп, шоколад индустриясы тоқтауы мүмкін. Өйткені, бұл екі ел әлемдік какао экспортының 70%-ін қамтиды. Ал болжам жыл сайын какаоға сұранысты арттырып жатыр.

Әлемдік биржалардағы какао бұршақтарының құны ақпан басында 6000 долларға жетті. Яғни жыл басынан бері бір жарым есе өскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 130 процентке көп.