$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін негізгі сын-қатерге объективті талдау жасауды тапсырды

27.02.2024ж. 20:00
723
Президент ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін негізгі сын-қатерге объективті талдау жасауды тапсырды

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысына Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев сын-қатерлерге талдау жасап, олардың алдын-алу шараларын әзірлеуді тапсырды. Азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басты бағыты ретінде назарда болуға тиіс екенін ескертті.