Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

"Салық салынса, жалға берілетін пәтердің бағасы көтеріледі", - сарапшы

27.02.2024ж. 20:00
284
"Салық салынса, жалға берілетін пәтердің бағасы көтеріледі", - сарапшы


Пәтер жалдайтындардың да қалтасы жұқарады. Жалға баспана беретіндерге салық салынбақ. Ол бағаның өсуіне әсер ететіні анық. Жалақысы жалдау ақысынан артылмайтындар өз үйіне қайтіп қаржы жинамақ? Сарапшылар не дейді? Тілшіміз жауап іздеп көрді. {СЮЖЕТ}
Қасиет Абдуқадырова Алматы қаласында пәтер жалдап тұрады. Айына 200 мың теңге төлейді. Бұл жалақыдан жалқыға күнелтіп жүргендер үшін оңай емес дейді.
 Қасиет АБДУҚАДЫРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Пәтерлердің бағасы тағы қымбаттаса оңай болмайын деп тұр. Мақұл мен бойдақпын, тез көшіп кете аламын , бірақ баласы бар жас отбасыларға көшу қиын болады.
Астанада баға сәт сайын өседі. Әсіресе, жаңа оқу жылы басталар тұста аспандап кетеді. Сарапшылар баспанасын жалға беретіндерге салық салу мәселені күрделендіріп жіберу мүмкін дейді.
Айнұр СҮГІРБЕКОВА, САРАПШЫ:
Жалға берушілердің салық төлеуі, оны дұрыста, дұрыс емес деп те санаймын. Өйткені ол жақта екі саты бар. Біреулер ипотекаға алып, жалға беретіндер бар. Ол қарапайым халық деп білемін. Ал екіншісі ол жерде енді шынымен де баға көтеріледі жалға беріліп жатқан пәтерлердің.
 2023 жылы 4500 баспанасын жалға беруші кәсіпкер мемлекетке 51 млн 600 мың теңге көлемінде салық төлеген. Ал биыл 80400 жалға берушілер дара кәсіпкер ретінде тіркелген.
 Ерсайын КӨПТІЛЕУҰЛЫ, ҚР ҚМ МКК ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІН ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
Салық міндеттемесін орындаудың келесідей түрлері бар. Бірінші тұрғын үйін жалға беруші азамат дара кәсіпкер болса, өзі таңдаған салық режиміне байланысты салық төлей алады. Бұл жалға берушіге ең тиімді салық режимі, ол арнаулы мобильді қосымша арқылы патент арқылы арнаулы салық режимі болып табылады. Онда кірістің 1 пайызы ғана салық төленеді.
Бұл қадам бюджетке қаржы түсіру үшін жасалып отыр. Бірақ зардабын халық тартпауы қажет.