$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Үлескерлер жұмыс орнына уақытша тіркеуге тұра алады

AstanaTV
12.01.2017ж. 20:00
2912
Үлескерлер жұмыс орнына уақытша тіркеуге тұра алады

Тиісті құжаты жоқ үлескерлер жұмыс орнына уақытша тіркеуге тұра алады. Ұзақ уақыт ауруханада жататын науқастар да сол медициналық мекемеде уақытша тіркелетін болады. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының басшысы айтты. Ал 2-3 аптада онлайн тіркеу енгізілмек.

Мамандардың айтуынша, азаматтарды тіркеу ісі қызмет көрсету орталықтарындағы басқа да қызмет түрлеріне айтарлықтай кері әсерін тигізіп жатыр. Сондықтан жұмыс орындарын көбейтуге тура келген.

Ал ЭКСПО қарсаңында азаматтардың уақытша тіркелуіне қатысты жаппай тексеру жүргізілмейді. Дегенмен, халықаралық көрме қарсаңында Астана қауіпсіздігі бойынша шаралар өтеді, бірақ заңға мойынсұнған азаматтарға бұның қатысы жоқ. Ішкі істер департаменті қызметкерлері, тіркелмегендерді жазалау мақсаты тұрған жоқ, деді. Алдымен бір ай ішінде ескертіледі, оған құлақ аспағандарға айыппұл салынбақ.

Гүлвира Дөненбаева, Астана қаласы ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы:


Азаматтар өздерінің кінәсіз екенін дәлелдеуге тиісті емес. Бiз тек жедел алдын алу шаралары барысында тексеру жүргiземiз. Телефон қоңырауы түскенде тексеремiз. Сенiм телефоны арқылы жұмыс iстейміз. Көршiлердiң немесе пәтер иелерi кооперативiнiң жазбаша арызы бойынша да тексеру жүргiземiз. Қазiргi шара адамның бiр жерде тұратынын немесе тұрмайтынын дәлелдеу үшiн жүргiзiлiп жатқан жоқ. Бұны қажет болған кезде министрліктің базасымен де тексеруге болады.

Айта кетейік, бір күннің ішінде Астанада екі жарым мың, Алматыда бес мың адам уақытша тіркеуге тұрған. Қаланың ірі қалаларында ұзын-сонар кезек пен жұрт наразылығы азаймай тұр. Ал бұған дейін премьер-министр жаңа заңды халыққа түсіндірмей, қолайлы қызмет жасамағаны үшін Ішкі істер министрін сынға алған еді.