Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодарда әуе рейстерінің кестесі өзгереді

AstanaTV
28.02.2024ж. 07:31
469
Павлодарда әуе рейстерінің кестесі өзгереді

Бұл жаңа уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

«Павлодар әуежайы» АҚ-ның мәлімдеуінше, Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес бесінші сағат белдеуі (UTC +5) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылатын болады. Сондай-ақ, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында жергілікті уақыт бір сағат артқа ауыстырылатынын ескертеді.

Әуежай жолаушылары арнайы телефон қосымшалары арқылы анықтамалық қызметтерінен әуе рейстерінің кестесін нақтылап, жаңа уақыттың жаңартылуын бақылау қажет.