Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Зейнетақы қорынан бизнеске арнайы бөлінген 200 млрд теңге банктерге 9 ақпанда түседі

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1469
Зейнетақы қорынан бизнеске арнайы бөлінген 200 млрд теңге банктерге 9 ақпанда түседі

Зейнетақы қорынан бизнеске арнайы бөлінген 200 млд теңге тоғызыншы ақпанда банктерге түседі. Қай-қайсына екені екі күннен кейін Ұлттық банкте хабарланады. Бұл туралы Астана кәсіпкерлерінің 3-конференциясында Кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Қаржының 50 пайызы АҚШ валютасымен несие алып, ұтылған бизнесмендердің қарызын теңгемен қайта есептеуге жұмсалды. Ол үшін кәсіпкерлер өздері шарт жасасқан банктерге ұсыныс білдіруі тиіс.  Банктерде теңге тапшы деп, қоймай Үкіметті қолқалаған кәсіпкерлер 7 күннен кейін 200 млрд-қа қол жеткізеді. Зейнетақы қорынан бөлінген қаражаттың 50 пайызы доллармен қарыз алып, ұрынған бизнесмендердің несиесін қайта қаржыландыруға кетеді. Қалған 100 млрд- ды айналымды арттыруға беріледі.  

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы:

Ал, мұнай бағасы тұрақтады, тіпті алдағы уақытта өсім байқалуы мүмкін деген Тимур Құлыбаев кәсіпкерлерді АҚШ валтасымен алған қарыздарын теңгеге ауыстыруға асықпауға шақырды. Күрт құнсызданудан шошып кеткендер көп, бірақ, жағдай кейін, керісінше болуы ықтимал деді.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы:

Еліміздің бас кәсіпкері мен бас қала әкіміне сұрақ қойып, ұсыныс айтуға келгендер жеткілікті. Астанада көшеде сауда нүктелерін көбейту үшін мың орын бөлінген. 7 жылға дейін жалға беріледі. Оның 40 пайызы тамақтану орындары болады. Осы орайда, әкімге тың ұсыныс түсті. Қоғамдық тамақтану орындарына ас-ауқат бір асхана арқылы таратылуы тиіс дейді Денис Давыдов. Мәзірі ортақ асханалар желісін қолға алуға дайын екенін білдірді.

Ал, мына кәсіпкер шарасыздықтан әкімге СМС жазғанын көптің алдында мойындады.  Залды күлкіге қарық қылған кәсіпкер аукцонмен жер алып, құрылыс салмақ болған бірақ, коммуналдық желі тартылмай қойыпты. Ал құрылысты 18 айда аяқтамаса, заң бұзады. Ақыры, осы жерде құрылыс мерзімі ұзартылды. Астанада бизнесін дөңгелетуге шетелдіктер де кет әрі емес. Мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында іске асатын жобалар тізімінде балабақша салуға ниетті 4 Қытай компаниясы бар көрінеді. Мұны Құлыбаев құптамады.  

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы:

Астанадағы Халықаралық қаржы орталығында жұмыс істейтіндердің 70 пайызы қытайлық қаржы секторы мамандары болуы мүмкіндігін Келімбетов мәлімдеген. Озық елдің тәжірибесі осындай күрделі салада қажет. Қалай болғанда да бүгінде атаналық бизнес өңірлік Жалпы Ішкі өнімнің 61 пайызын құрайды. Бұл - үлгі тұтарлық көрсеткіш. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ