Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Браконьерлікпен айналысқан «Зайсан балықшылары» кооперативі мемлекетке 2 миллиардан астам шығын келтірді

AstanaTV
02.03.2016ж. 20:00
1838
Браконьерлікпен айналысқан «Зайсан балықшылары» кооперативі мемлекетке 2 миллиардан астам шығын келтірді

Шығыс Қазақстанда облысының прокурорлары балықшылардың "қаза тізімін" жасайтын болды. Өйткені заңды құжаты бар кооперативтердің бірі балықты шектен тыс аулап, көлденең табысқа кенелген. Мамандар мұндай жағдай тағы қайталанбас үшін бақылауды күшейтіп, заңбұзушылыққа жол берген балықшыларға квота мүлде бермейтін болды. «Зайсан балықшылары» кооперативінің көлеңкелі бизнесі күн санап дамып отырған. Бірлескен шаруашылықтардың теріс жүйесін әшкере қылу үшін прокурорлар оларды жарты жыл бойы аңдыпты.  Ақыры құзырлы орган өкілдерінің қолына түскен балықшылар мемлекетке 2 миллиард 330 миллион теңге залал келтіргені анықтаған. 

 Азамат Шаймарданов, ШҚО  Прокуратурасы 10-басқарма прокуроры: 

«Зайсан балықшылар» өндірістік кооперативі заңсыз ауланған балықты «Шаян балық» фирмасы арқылы РФ-нан келгені туралы жалған құжаттар жасап, оны Евросоюз мемлекеттеріне заңсыз түрде экспорт жасаған болатын. Осы аталған айып бойынша Жетекбаев Жәнібек, яғни өндірістік кооперативтің иесі кінәлі деп таналған.  

Прокуратура өкілдерінің дерегінше, «Зайсан балықшылары» кооперативі құны 1 млрд 900 млн теңге болатын балықты 7 астыртын фирма арқылы экспорттаған. Ал төленбеген салық сомасы 400 миллион теңгеден асып жығылады. Бақылаушы орган браконьерлерді ұстау қиынға соққанын айтады. Себебі, құжат бойынша олар заңға сәйкес жұмыс істеген. Балық жинаудың шегі 500 тоннадан аспағанын құжатта көрсеткенімен, шын мәнінде кооперативтегілер сирек кездесетін балықтарды шексіз аулаған, - дейді бақылаушы орган өкілдері. 

Рашид Апеков, ШҚО прокурорының бірінші орынбасары: 

 «Зайсан балықшылары» кооперативінде заңсыз істі кооператив төрағасы Жетекбаев ұйымдастырды. Ол 300 балықшының көмегі арқылы Зайсан көлінде қылмыстық әрекетті іске асырған.

Кооперативтің жетекшілері мен мүшелері, барлығы 12 адам ақпанда соттың үкімімен 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тергеу екі жылға созылыпты. Қазір Зайсан жағалауында тыныштық орнаған. Ал балықшылар квота алуға әзірленіп жатыр.  Балыққа жауаптылар олардың арасында броконьерлерге жол берілмейді, дейді. 

Санатбек Кітапбаев, ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясы жетекшісінің орынбасары:  Жануарлар әлемін қорғау заңына сәйкес, егер де шаруашылық бірнеше рет келісім-шарт талаптарын орындамаса, я болмаса жоспарланған межеге жетпесе, онда келісім-шарт бұзылады. Таяуда арнайы комиссия бұл жағдайды терең зерттейді. 

 Прокурорлардың айтуынша, аймақта жақынарада балықшылардың «қара тізімі» жасалуы тиіс. Оған браконьерлікпен ұсталған, салықтан жалтарған немесе балық аулау шегін сақтамаған шаруашылықтар кірмек. 

А.ҚҰРМАНКИН