Мемлекет
меншігіндегі 394 нысан 105 миллиардтан астам қаражатқа сатылды. Бұл туралы есеп
Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Республика
меншігіндегі 35 нысан сатуға шығарылған. Оның 25-і жекенің қолына өткен. Ел
бюджетіне түскен табыс 8 жарым млрд теңгеге жуық. Коммуналдық меншіктегі 269
нысаны саудаға қойылып, 201-і сатылған. Облыстық бюджет кірісі 17 миллиард
теңгеге артты. Әлі аукционға шығарылуы тиіс 87 нысан бар.
2014-2017 жылдары
сатылуы тиіс нысандар кестесінде Ұлттық компаниялар мен холдингтердің 168 нысаны
енгізілген. 10-шы қаңтарға дейін оның 133 нысаны саудаға шығарылып, 71-і өткен.
Одан 73 миллиард 600 миллион теңге түскен.
Ал Әлеуметтік кәсіпкерлік
корпорациясының меншігіндегі жекешелендіруге жататын 129 нысанның 120-сы
сатылымға қойылды. Оның 97 нысаны 6 миллиард 760 миллион теңгеге сатылған.
2014-2017 жылдары жекешелендіруге 718 нысанды шығару көзделген. Оның 602-сі
жекешелендіруге жатады деп шешілген. Екі жыл ішінде 400-ге жуық нысаны сатылды.