Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте жалдамалы пәтердің ақауы көбейген

AstanaTV
12.01.2017ж. 20:00
3147
Шымкентте жалдамалы пәтердің ақауы көбейген

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама шеңберінде былтыр пайдалануға берілген көпқабатты пәтерлердің кейбірі сыр бере бастады. Нөмірі 35-ші көпқабатты үйдің тұрғындары баспанада ақаудың көбейгенін айтады. Тіпті қабырғааралық дуалдары бір түнде жарылып шыға келді,-дейді тұрғындар. Үй төрайымы жылу жүйесі мен құбырлар да жиі жарылып, әбірге салды деп отыр.

Таңғы бесте қарасам, жарылды. Жарылғаннан кейін қызым айтты: мама артыңызға қараңыз. Артыма қарасам, мынандай трещина 5 сантимерден  көп, сөйтіп пышақ тықсам, мына жаққа дейін шығып жатыр да көршіге.

Сәлимаш Ибрайымова,  үй төрайымы:

Мына жерде  9-пәтер, 17-пәтер, 1-пәтер үлкен суға потоп болды. Бұл үйдің ең бастысы сапасыз соғылған деп ойлаймын. Өйткені әлі бір жылға жетпей ақауы болып жатыр.

Мұнда 144 отбасы қоныстанған, негізінен жалғызбасты ана, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрып жатыр. Тұрғындар тиісті мекемелердің есігін қаққан соң ғана мердігерлер құлақ түріп, жарықшақтарды сылап, жыртығын жамап кетті, - дейді олар. Бірақ құрылысқа жауапты мекеме өкілдері бұл жарықшақтардың тоғыз қабатты үйге ешқандай қаупі жоқ деп отыр.

Абай Тұрғанов, Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

Аталған үйде адам көп тұрмағаннан кейін, үйдің ішінде температуралары перепад болғаннан кейін, сол кезде газоблоктың өзі расширениесі бар, содан жарықшалар пайда болады. Одан қауіп жоқ, ешқандай өмірге, адамның өміріне қауіп тимейді. Бүгінгі таңда мердігер тарапынан дер кезінде оны біз кепілдік аясында ретке келтірдік.