$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде интернет арқылы бүйрегін сатпақ болған ер адам 1,5 жылға сотталды

AstanaTV
28.02.2024ж. 09:32
813
Ақтөбеде интернет арқылы бүйрегін сатпақ болған ер адам 1,5 жылға сотталды

Көкшетау қалалық сотында интернет арқылы бүйрегін сатпақ болған ақтөбелікке қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотта анықталғандай, Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны өз бүйрегін сату бойынша заңсыз мәміле жасаған.

Ер адам әлеуметтік желіде өзінің ішкі органын келісімді бағамен сату жөнінде хабарландыру жариялаған.

Ол шартты сатып алушымен мәміле жасасу кезінде ұсталды.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс сотталушының кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында жасалған іс жүргізу келісімімен сотқа түсті.

"Жаза тағайындау кезінде сот оның шын жүректен өкінуін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді. Сот үкімімен ер адамға шартты түрде 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғанға пробациялық бақылау белгіленді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", — делінген ақпаратта.