Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылорда облысында төрт мың құс өртеніп кетті

AstanaTV
28.02.2024ж. 08:55
603
Қызылорда облысында төрт мың құс өртеніп кетті

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасының ғимаратында өрт шықты. Қызыл жалын құс фабрикасының 288 шаршы метр аумағын шарпыған.

Ғимаратта 4000 бөдене болған. Құстар өртеніп кетті. Тілсіз жау сағат 06:12-де сөндірілді. Құтқарушылардың айтуынша, өртті сөндіруге жеке құрамның жеті адамы мен екі жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылған.

«Өрттің алдын ала себептері анықталуда», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.