$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ажырасқан әйелдерге шектеу қойылады

AstanaTV
28.02.2024ж. 11:57
921
Ажырасқан әйелдерге шектеу қойылады

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге шектеу қойғысы келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров өзінің орынбасары Эдил Байсаловқа әлеуметтік желідегі жазбаларына мониторинг жүргізуді тапсырды. Ақылбек Жапаров ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір айтылмағанын дұрыс деп санайды.

Біз салт-дәстүрімізге қайшы келетін ақпараттардың таралуына шектеу қоюымыз керек. Кей келіндер өз әкесін мақтап, қайын атасы мен енесін жамандап жатады. Ал ажырасып кетсе әлеуметтік желіде өз ойын бөлісіп тарады. Олар үлгі алатын адам емес, - дейді төраға.