Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ұлытау облысында үй иесі мен қонақтары қайтыс болды

AstanaTV
28.02.2024ж. 10:48
718
Ұлытау облысында үй иесі мен қонақтары қайтыс болды

Шымкентте 27 ақпанда қайғылы оқиға болды - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережесі бұзылып, үш адам қайтыс болды. Бұл туралы ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 27 ақпан Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.

"Алдын-ала болжам бойынша уланудың себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу", - делінген хабарламада.

М️амандар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керегін ескертті.