Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Оралда бөлшек салықтың мөлшерлемесі 3% дейін төмендетілді

28.02.2024ж. 20:00
276
Оралда бөлшек салықтың мөлшерлемесі 3% дейін төмендетілді

Оралда бөлшек салықтың мөлшерлемесі 3% дейін төмендетілді. Шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруды көздеген «AMANAT» партиясы фракциясының ұсынысын кәсіпкерлер қуана қолдады.Бұған дейін кәсіпкерлер бизнесін бірнеше нүктеге бөліп көрсететін. Өйткені табысы көбейген сайын салық та көбейетін. Енді осы өзгерістің арқасында бізге бизнесті дамытып, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік бар. Осылайша сауда көлемін ұлғайтып, тауар мен қызмет сапасын арттыруға жол ашылды, дейді кәсіпкерлер.

 Бауыржан МҰХАМБЕТЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгін біз мәслихаттың отырысында былтырдан бастап сол сұрақты көтеріп, фракция жетекшісі ретінде партиясының, өзім мәслихат жанындағы бюджет және экономика тұрақты комиссияның мүшесі ретінде соны көтеріп, бүгін шешімі табылып тұр. Біз сол салықтың мөлшерін 4 пайыздан 3 пайызға төмендетіп бекіттік.

Бөлшек салықтың мөлшерлемесін төмендету биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Егер бұл бастама жыл соңына дейін өзін-өзі ақтаса, салық әлі де төмендетіледі. Осылайша салық базасын кеңейту арқылы кәсіпкерлікті "көлеңкеден" шығаруға болады. Бұл өз кезегінде қала бюджетінің кірісін 10-15% ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген салық режимін өңірдегі 21 мыңнан астам кәсіпкер пайдалана алады. Солардың бірі - Нұргүл Ашикова.

Нұргүл АШИКОВА, КӘСІПКЕР:

Жеңілдетілген режиммен жұмыс жасадық, упрощенка деп аталады. Оның шеңберінде біздер тек қана 69 миллион табыс көрсете алатын болдық. Егер одан асып кетсе, жаңағы құн салығы төленеді, значит НДС төлеу керек болды. Қазір мынау бөлшек салықтың кәсіпкерлерге тиімділігі - біздер деген 2 миллиард 70 миллионға дейін табыс көзін көрсете аламыз.