Экономиканы дамыту үшін алдымен өндірістегі қауіпсіздікті арттыру керек. Еуразиялық мониторинг орталығының сарапшылары осылай дейді. Мамандар өнімділік пен қауіпсіздікті қатар дамытатын заманауи технологиялық механизмдерді талқылады. Адам шығынын болдырмау үшін тексерудің жаңа тетігін ұсынды.
Әлібек ТӘЖІБАЕВ, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ» САРАПТАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Біз өндіріс орындарына мемлекет, қоғамдық қауымдастық пен бизнес бірлесіп, жоспарлы техникалық тексеріс жүргізіп отырса дейміз. Қауіпсіздікке қатысты нақты тапсырмалар мен ескертулер беріп, келесіде оның орындалуын бақыласа нақты нәтиже болар еді. Әйтпесе, қауіпті еңбек орындарына жастарды тарту қиынға соғуда.
Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарларымен өз-өзін толық қамти алмай отыр. Оған себеп – ауыл шаруашылығы министрлігінің ескіше жұмыс істеуі. Ведомства «аграрлық өндіріс» бағытын да қолға алса, логистика, шикізат мәселесі де бірден шешіледі, - дейді саясаттанушы Талғат Қалиев.
Талғат ҚАЛИЕВ, «ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Совет одағы кезінде экстенсивный метод деген болатынды. Баяғыдай сол бойы жасап жатырмыз. Субсидия құйып жатырмыз, ол ешқандай нәтиже бермей жатыр. Біздің ауыл шаруашылығы дамымай жатыр. Сондықтан жаңа креативті формалар іздеу керек.