Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап жүр

AstanaTV
12.01.2017ж. 20:00
2467
Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап жүр

Сот сараптама орталығы былтыр 200 баланың әкесін анықтаған. Мәжіліс депутаттары орталықтың жұмысымен танысу кезінде, мұндағы мамандар осындай дерек келтірді. Олардың айтуынша, заманауи қондырғылармен жабдықталған орталық ДНҚ-ны 99,9 пайыз дәлдікпен көрсетуге қауқарлы. Әрі қылмыстық, әкімшілік істерде бұл орталық бұлтартпас айғақ тауып беретін сенімді дерек көзіне айналған. Тіпті адам зорлады деп айыпталғандардың кінәсіздігі де анықталған. Енді орталық арнайы аккредитациядан өтіп, ТМД-дағы халықаралық деңгейдегі сараптама орталығына айналмақ.

Исидор Борчашвили, ҚР Әділет министрлігі сот сараптама орталығының басшысы:

Сараптама жұмыстарының арқасында қылмыстық істердің 50 пайызға жуығы бұлтартпас айғақтармен ашылуда. Қаншама өлтіріп, жасырылған адам денелерін таптық. Осы жұмыстардың арқасында Қарағанды да бойжеткенді зорлады деп, түрмеге қамалған азаматтың кінәсіз екенін дәлелдеп шыққанбыз. Осы сынды жұмыстарымыз көп.

Бір топ Мәжіліс депутаты бүгін Қызылжар өңіріндегі зауыт жұмысшыларымен кедесті. Петропавл ауыр машина жасау зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. 50 жылдық тарихы бар кәсіпорында бүгінде мыңнан астам адам еңбек етеді. Кеңес одағы кезінде әскери бағытта жұмыс істеп келген өндіріс ошағы қазір ауыл шаруашылығы және мұнай өңдеу саласына арналған түрлі қондырғылар жасап келеді. Компания Қытай, Ресей, Жапония, Германия, АҚШ сынды алпауыт елдермен қарым-қатынас орнатқан. Алайда, мұнай нарығының тұрақсыздығы қазір зауытқа түсіп жатқан тапсырыстардың көлеміне әсер етуде. Мәжілісмендер бұл мәселені назарға алатындарын айтты.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бізде қорғаныс тапсырыстары туралы заң бар. Сол заңнын жұмыс істеуіне де байланысты, болашақта оларға да өзгеріс енгізілуі мүмкін. Негізінен кәсіпорындарды бүгінгі заманның талабына, жаңа технологиялардың талабына сай етіп, оларды қайтадан жабдықтау мәселелері және сонда жұмыс істейтін адамдардың, олардың мамандығын қалыптастыру, сол сияқты жұмыс орындарын ашу, осы мәселелер талқыланып жатыр.