Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қан тапсырып донор атанған теміржолшылар құрмет грамотасы мен алғыс хаттарға ие болды

AstanaTV
12.01.2017ж. 20:00
3026
Қан тапсырып донор атанған теміржолшылар құрмет грамотасы мен алғыс хаттарға ие болды

Бүгін Өскеменде «Қан тапсырып, өмір сыйла!» акциясын қолдаған теміржолшыларға «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында құрмет грамотасы мен алғыс хаттар тапсырылды. Бастауыш партия ұйымының мүшелері «Кеңес орталығының» бастамасын қолдап ерікті түрде донор атанған. Облыстық қан тапсыру мекемесіндегі қызметкерлердің айтуынша, қаланың 1000 тұрғынына тек 18 донордан келеді. Жетіспеушілік деңгейі 60 пайызды құрап отыр. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін орталық қызметкерлері донорлыққа келісім берген мекемелерге арнайы баруды да жоспарларына енгізген.

Шолпан Қасенова, ШҚО қан орталығының жұртшылықпен байланыс қызметінің менеджері:

Жылына 2 мәрте осында келіп донор күнін өткіземіз. Қызметкерлер белсенді түрде қатысады. Сондықтан қан тапсыра отырып, олар өздеріне де, өзгелерге де көмектесетінін жақсы біледі. Ең маңыздысы осы.

Мамандардың мәліметінше, соңғы жылдары «Нұр Отан» партиясының бұл іске араласып, қолдау білдіруінің арқасында донор атанамын деген жандардың қатары көбейген. Ал шұғыл жағдай бола қалса, партия қызметкерлері бірінші болып қол ұшын созады.

Майраш Екібасова, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы 9 тоннаға жуық қан қабылданған. Мұндай көрсеткіштерге куә бола отырып, біздің филиалдың осындай игілікті іске үлес қосқаны қуантады. 35 бастауыш партия ұйымының ішінде теміржолшылар үнемі алдыңғы қатардан көрінеді. 

Айбек ҚОСАН