Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жәнібектің арқасында 4 адамның анасы табылды: бельгиялықтар асырап алған бала елге келді

AstanaTV
28.02.2024ж. 22:20
874
Жәнібектің арқасында 4 адамның анасы табылды: бельгиялықтар асырап алған бала елге келді

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді. Бұл туралы Қазақ радиосы журналистері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталған.

"Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр", - деп жазылған радио мәліметінде.

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі болды.