$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетіп жатыр

29.02.2024ж. 20:00
464
«Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетіп жатыр

Ауыл аманаты» өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Қазірдің өзінде 80 миллиард теңге болатын 12 мыңнан аса шағын несие берілген. 2029 жылға қарай жоба 1 млн ауыл тұрғынын қамтиды. Сол арқылы 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұған 1 триллион теңге бөлінді. Былтыр несиенің 43 млрд теңгесі Жамбыл және Түркістан облысына кетті. Небәрі 1 миллиард теңге алған аймақтар да бар. «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов ауылды дамыту мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін айтты.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Ауыл аманаты» – Президенттің сайлауалды бағдарламасына енгізілген бірегей жоба. Онда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартудың нақты әрі түсінікті тетіктері қарастырылған. Ең бастысы, қаражаты толық шешілген. Бір жылдың ішінде жобаның тиімділігін көріп отырмыз. Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыруға тиіспіз.