Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Ең қымбат смартфонды Атырау, Ақтөбе, Қызылорда қаласының тұрғындары алады», – сарапшы

29.02.2024ж. 20:00
260
«Ең қымбат смартфонды Атырау, Ақтөбе, Қызылорда қаласының тұрғындары алады», – сарапшы

Былтыр елімізде 4 миллион ұялы телефон сатылған. Қазір әр отбасында кем дегенде 5 байланыс құралы бар дейді сарапшылар. Ең қымбат смартфонды Атырау, Ақтөбе, Қызылорда қаласының тұрғындары алатын көрінеді.

Қазір сауда орындарында ұялы телефонның сан алуан түрі бар. Қалағаныңызды таңдап аласыз. Сән қуасыз ба, сапалысын іздейсіз бе, өзіңіз білесіз. Сәйкесінше, бағасы да солай. Бірақ, жұрт бағаға қарап жатқан жоқ, смартфон сатып алу көрсеткіші жылдан жылға артуда.

Біржан СМАЖАН, САРАПШЫ:

2023 жылы елімізде 3 749 000 смартфон сатылған. 2022 жылмен салыстырғанда сатып алу 11%-ға өскен, әр отбасыға шаққанда ол 5 телефоннан айналып отыр. Еліміз бойынша олардың орташа құны - 214 000 теңге. Дегенмен әр өңірде баға әртүрлі.

Ал дәрігерлер қатты алаңдап отыр. «Бұл үлкен қауіпке әкеледі» деп дабыл қағады. «Себебі есірткі ересектерге қалай кері әсер етсе, смартфон да адамға дәл солай зиянын тигізеді», - дейді.

Жәнел ІЛИЯС, ДӘРІГЕР:

Смартфондар мен телефондар электромагниттік толқындар шығарады. Жүйке жүйесі, иммундық, эндокриндік және жыныстық жүйелер электромагниттік өріске сезімтал келеді және ұзақ уақытқа жалғасса, неше түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Адам ауруға шалдығып, өмірі қысқарып, тіпті, өліп кетуі де мүмкін.

Мұны жұрт біледі, біле тұра телефоннан бас тарта алмайтынын айтады. Бірі оны қажеттілік десе, бірі үшін ол-тәуелділік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қазіргі заманда телефон болмаса болмайтындай болып тұр ғой. Бәрінде бар телефон, немеремізге дейін телефон ұстап жатыр ғой.
- Негізі телефон көп ұстаған пайдалы емес.
- Кішкентай балалар телефоннан түспейді.Потому что таңертең тұрады, сол телефонмен жатады сосын. Біз төртеуміз, төртеуімізде бір бір телефон.
- Бір жағынан телефон керек, қазір дамып жатыр телефонмен. Біздің уақытымызда телефон болған жоқ. Біз кішкене басқаша болдық.

Қазақстандықтар жыл сайын сатылымға шығатын смартфондардың 90% бөліп төлеуге немесе несиеге алады. Былтыр оның 77,5% онлайн, қалғаны оффлайн сауда кезінде сатылған. Одан бөлек елімізде заңсыз сатылым түрлері де бар көрінеді.

Ерболат ӘШІМ, САТУШЫ:

Мысалы өздерінің жұмыстарына бөлек телефон, өздерінің жеке қолдануларына бөлек телефон алып жатады. Бір күні вообще сатылмай қалуы мүмкін, бір күні 50 шақты телефон сатылып кетуі мүмкін. Мектепте оқитын оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін алып жатады. Оның арасында ең көп алып жатқандар - студенттер. Орта есеппен алған кезде Қазақстанда оқушыларға 300 000-нан бастап телефондарын алып жатады.

Былтыр елімізде 4 млн-ға жуық смартфон сатылған. Олардың жалпы құны 689 175 000 000 теңге. Қазақстан қалалары ішінде ең қымбат смартфондарды Атырау, Ақтөбе және Қызылорда қаласының тұрғындары алады. Ал Петропавл мен Өскемен жұртшылығы көбіне арзанына жүгінетін көрінеді.