Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"2025 жылы Қазақстан бірқатар дәрі-дәрмектен қағылуы мүмкін",- сарапшы

29.02.2024ж. 20:00
309
"2025 жылы Қазақстан бірқатар дәрі-дәрмектен қағылуы мүмкін",- сарапшы

«2025 жылдың соңына қарай Қазақстан бірқатар дәрі-дәрмектен қағылуы мүмкін". Фармацевтер осылай дейді. Бүгін Алматыда Халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форум өтті. Мұнда отандық және шетелдік дәрі-дәрмек өндірушілер бас қосты. Форум аясында Еуразиялық Экономикалық Одақ актілеріне сәйкес дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасын келтіруге қатысты мәселелерді көтерді. Бүгінде Қазақстан нарығында тек 4 процентке жуық дәрі-дәрмек Одақ ережелеріне сай тіркеу дерекнамасына ие. "Ұлттық тіркеу дерекнамалары өз күшін жойған кезде еліміздегі бірқатар дәрі-дәрмектің сатылымы тоқтайды",- дейді сарапшы.

 Мария ШИПУЛЕВА, КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің ұсынысымыз - Ұлттық тіркеу дерекнамаларының уақытын кем дегенде тағы 2 жылға ұзарту. Сонымен қатар дәрілік заттарды таңбалау мәселесі де жоғары маңызға ие болып отыр. Таңбаланған дәрілер өндірушіден бастап тұтынушыға жеткенге дейін жіті қадағаланады. Бұл контрафактілі өндірістер мен заңсыз тауар айналым тәуекелдерін жояды.

Бұдан бөлек сарапшылар емханалардағы тегін дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне қатысты туындаған дауға пікір білдірді. "Бұған себеп - денсаулық сақтау саласындағы менеджменттің нашарлығы",- дейді олар.

Вячеслав ЛОКШИН, ҚР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Расымен де жыл басында дәрі-дәрмек жетіспей жатады. Қаражат кеш бөлінеді. Бұдан былай сатып алу алдын ала жасалады деген шешім қабылданды. Алдын ала болжам жасауға қатысты да мәселе бар. Жалпы барлық дәрі-дәрмек тегін берілу қажет пе, барлық тексеріс әдістері қажет пе, соны анықтап алуымыз керек. Емдеу протоколын қайта қарауымыз тиіс.