Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

01.03.2024ж. 20:00
546
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Президентке еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндалды. Үкімет басшысы отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Сондай-ақ, Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталғанын айтты. Сонымен қатар Президентке Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы да баяндады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.